Жарияланды: 10.09.2023

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 2,5 МЫҢ ЖАҢА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІСІ ТІРКЕЛДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне жаңа кәсіпорындарды ашу, жаңа жұмыс орындарын құру, аймаққа инвестицияларды тарту тапсырмасын жүктеген болатын.
Облыс басшысының бастамасымен үстіміздегі жылдың шілде айында Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлы және Түркістан облысының оңтүстік аудандарының бірнеше басшылары Қытай мемлекетіне іссапарға барды.
Ондағы мақсат — экономикалық дамуы бойынша тәжірибе алмасып, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылды. Нәтижесінде биыл Келес ауданында қосымша 2,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 31,6 пайызға өсіп, олармен өндірілген өнім көлемі 32,6 млрд. теңгені құрады.
Аудан бюджетінің өзіндік кірістері артуда.
Соңғы 3 жылда бюджеттің өзіндік кірістері 1,5 есе немесе 1,4 млрд. теңгеге ұлғайды. Ағымдағы жарты жылдықтың қорытындысымен бюджеттің өзіндік кірістері 1,6 млрд. теңгеге орындалып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға немесе 0,5 млрд.теңгеге ұлғайған. Бұл түсімдер ауданның әрі қарай дамуына өз септігін тигізуде.
1 837 қаралым