Гектар түсімі дихандарды қуантып отыр

Елге есімі белгілі, даңқты дихан – Бегім Дөнбаевтың ауылшаруашылығы саласында қол жеткізген сүбелі жетістіктері жұртшылыққа мәлім. Бүгінде даңқты диханның ісін ұлы, Ауған соғысының ардагері Нұрлан Дөнбаев жалғастыруда. Нұрбол Бегімұлы басқарған «Нұрбол» шаруашылығы 10 гектарға мақсары, 5 гектарға бидай, 3 гектарға жоңышқа еккен. Мақсары алқабы бітік, жайқалып өсіп тұр. Жоңышқалыққа үш мәрте орақ салды. Суғару жұмыстарын жүргізіп, төртінші ораққа әрекет жасауда. Бес гектар ақ егіс алқабына қазір орақ түсті. Бірінші репродукциялы «Элита» тұқымын еккен. Агротехникалық шараларды жүйелі жүргізген егін алқабының гектар түсімі дихандарды қуантып отыр. Әр гектардан 40 центнерден өнім жинауда. Берекелі қырманның сырын шаруа қожалығының төрағасы Нұрлан Дөнбаев былай түсіндіреді:

  • Әкем «Әрекет түбі берекет», «Талпынған жетер мұратқа», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халық даналығын жиі құлағымызға құйып, еңбекке тәрбиеледі. Әке өсиетіне адалдығымыз бен беріктігіміз тірлігімізді өрге сүйреуде. Табысымыздың сыры осында, — дейді.

К.Айтанов

29 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*