Жарияланды: 12.08.2018

Тоқсан жылдық тарихы бар әк зауыты

Түлкібас  әк  зауыты – 1927  жылы  Тұрар  Рысқұловтың  нұсқауымен  құрылып, атақты  Түркісіб  темір  жол  құрылысына  қатысқан  ауданымыз  бойынша  бірінші  зауыт. Түлкібас  әк  зауыты – 1927  жылдан  бері    қарт-аға  өндіріс  ретінде  ауданымыздағы  кейінгі  жас, жаңа  құрылып  келе  жатқан  өндірістерге, соның ішінде – жүгері  зауытына, консерві  зауытына    — өзінің  техникасымен  және  де  құрылыстарына  материалдарымен  жәрдем  берген. Коллективтендіру  ісіне  білікті  мамандар  керек  болды. 1937  жылы  алғашқы  дән  сапасын  тексеру  лобаранттарының  курсы  ашылды. Тәуелсіздік алған жылдардан соң, біршама тоқырап қалған зауыт, кейін қайта түледі. Былтырдан бастап ауданда әк өндірісін дамыту мақсатында  шетелдік инвесторлар тартылды. Кездесу барысында  әктас өндіруде тәжірибесі мол кәсіпорын Түлкібас ауданынан әлемдік стандартқа сай әк зауытын салуға ниетті екенін айтып, жобаға 10 млн АҚШ доллары болатын инвестиция құюға дайын екенін жеткізді. «Үрімші қаласында әктас шығаратын 3 бірдей зауытымыз жұмыс істеп тұр. Бұл бағытта біздің тәжірибеміз мол. Жоба құны – 10 млн АҚШ долларын құрайды. Оның 7 млн доллары зауытқа заманауи қондырғылар алуға жұмсалады.  Кәсіпорын тәулігіне 400 тонна оксид кальциін шығаруға қауқарлы болады», — дейді Лоджы Дунг мырза. Өз кезегінде аудан әкімі инвесторларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер мен жеңілдіктерді баяндап, өңірдің экономикалық–әлеуметтік ахуалын әңгімеледі.  Егер жоба іске асса,  аталған зауытта жаңадан 110 жұмыс орыны ашылады деп күтілуде. Жұмыс сапарымен келген кәсіпкерлер мұнан бөлек, аудандағы әк тас өндіретін кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
 

1 069 қаралым