Жарияланды: 31.01.2024

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ӘЛЕУМЕТТІК ТАКСИ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» КММ-де мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетуге арналған әлеуметтік такси пайдалануға берілді.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, мекемеге «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорны» демеушілігімен алынған жаңа көліктің кілтін табыстады.
Айта кетейік, орталықтың үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің қарамағындағы 20 мүгедектігі бар бала Созақ ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінен қызметтер алуда. Заманауи жабдықтармен жасақталған әлеуметтік такси мүгедектігі бар 40 балаға қызмет көрсетеді. Бұл қызмет түрі бұған дейін мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жүргізіліп келген.
1 478 қаралым