Жарияланды: 27.02.2024

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫН БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯ АУЫСАДЫ

 
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен құрылған арнайы комиссия Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» Халықаралық әуежайын басқарушы «Turkistan International Airport» ЖШС-нан қабылдау жұмыстарын жүргізуде. Аталған жұмыстар 2024 жылдың 1 наурызына дейін жүргізілетін болады.
Айта кетейік, бұған дейін әуежай жұмысын үйлестіруді жүргізген «Turkistan International Airport» ЖШС-мен келісім-шарт 2024 жылдың 1 наурызында аяқталады. Одан кейін «Әзірет Сұлтан» Халықаралық әуежайын басқаруды облыстық әкімдікке қарасты «Түркістан халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы жүргізетін болады.
1 073 қаралым