Келестік кәсіпкер Талғат Нәби ағаштан үй жабдықтары мен жиһаз жасап, айына 1 миллион теңгеден астам табыс табады. Шикізатты Ресей мемлекетінен алдырады. Жеке цехында жергілікті 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Кәсіпкердің айтуынша, тапсырыстың 80 пайызы ас үй жиһаздарына түседі. Сондай-ақ, шебер айына 10-ға жуық өнім дайындап, еліміздің барлық аймағына жөнелтеді. Бұл кәсіптің түрімен 7 жылдан бері айналысып келе жатқан ол биыл цехты үлкейтуді жоспарлап отыр.