Жарияланды: 03.04.2024

ТӨЛЕБИЛІК ШАРУА ҮЙ ІРГЕСІНДЕ ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРІП, ПАЙДАҒА КЕНЕЛІП ОТЫР

Төлеби ауданына қарасты Бірінші Мамыр ауылдық округінің тұрғыны Зылиха Маусымбекова құлпынай өсіруді қолға алған зейнеткер. Ол үй іргесіндегі 5 соттық жерге 2 500 түп құлпынай егіп, аудандағы осы жеміс түріне артқан сұранысты тиімді пайдаланып отыр.
— Құлпынай — жидектердің нағыз ханшайымы. Шырынды жидекті өсіруді былтырғы жылы бастадық. 2023 жылдың тамыз айында еккен құлпынайымыз қараша айында өнім берді, — деді зейнеткер.
Дәмді жидекке балалармен қатар ересектер де құмар. Салауатты өмір салтын ұстанушылар құлпынайды десерт ретінде ғана емес, денсаулықты ретке келтіретін дәруменге толы жидек ретінде қабылдайды. Төлебилік зейнеткер бүгінгі таңда құлпынайдың альбион сортын егуде. Бұл сортты американдық ғалымдар 2006 жылдан өсіре бастаған. Альбионның басты ерекшелігі — үздіксіз және ұзақ мерзімде жеміс береді.
546 қаралым