Жарияланды: 16.04.2024

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР «КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫН «КЕМЕҚАЛҒАН» МОНУМЕНТІН АБАТТАНДЫРУДАН БАСТАДЫ

фото ТО ӨКҚ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Қазығұрт асуында орналасқан «Кемеқалған» монументінің маңы қоқыстан тазартылды. Онда әрлеу, шөп қырқу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға қазығұрттық жастар мен еріктілер белсене қатысып, киелі мекенді гүлдендіруге үлестерін қосты.

Айта кетейік, Қазығұрт тауының жанында теңіз деңгейінен 910 метр биіктікте орналасқан «Кемеқалған» монументі облыс орталығы Түркістан қаласынан 207 шақырым жерде орналасқан. Жергілікті аңыз бойынша, Нұх пайғамбар Қазығұрт тауына тоқтаған деп адамдар ол маңды «Кемеқалған» деп атайды. Заманауи шеберлер жасаған кеменің көлемі киелі кітаптардағы суреттемеге сәйкес жасалған.

Бүгінде Қарт Қазығұрттың аңызынан сыр шертетін монумент ауданға келген әрбір қонақ пен туристердің естелікке суретке түсетін сүйікті орнына айналып үлгерген.

563 қаралым