Жарияланды: 17.04.2024

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗҒАЛДАҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

фото ТО ӨКҚ

Бүгін Қазығұрт ауданы Шанақ ауыл округінде «ҚЫЗҒАЛДАҚ FEST» тақырыбында дала мерекесі атап өтілді. Шара мақсаты — Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген ерекше көркімен дараланатын қызғалдақ гүлін сақтап қалу, табиғат анаға деген жанашырлықты арттыру. Айта кетерлігі, бұл қызғалдақ мерекесі аймақта соңғы он жыл ішінде өткізіліп, дәстүрге айналған.
Шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық мәслихаттың депутаттары, Ардагерлер кеңесі мен Әжелер алқасының мүшелері, белсенді жастар, ауыл тұрғындары мен бірқатар аудан қонақтары қатысты. Мереке барысында қазақы киіз үй тігіліп, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді. Сондай-ақ, арнайы фотосессиялар ұйымдастырылды.
738 қаралым