Жарияланды: 17.04.2024

«КИЕЛІ МЕКЕН»: САУРАНДЫҚТАР ҮКАША АТА КЕСЕНЕСІ АУМАҒЫНА ЖЕМІС АҒАШТАРЫН ОТЫРҒЫЗДЫ

«Таза Қазақстан» экоакциясының «Киелі мекен» апталығында Сауран ауданында Үкаша ата кесенесі аумағында абаттандыру жұмыстары жүрді. Республика көлемінде жүргізіліп жатқан экологиялық акцияда кесене аумағына аудан әкімінің орынбасары Серік Сәдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев пен ерікті жастар бірлесе отырып, ағаш көшеттерін екті.
«Киелі мекен» апталығында табиғат пен көне дәуір рухы үйлесім тапқан киелі орын – Үкаша ата кесенесі аумағында көгалдандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Қазіргі таңда аудан көлеміндегі 53 тарихи-мәдени нысандарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр» — деді аудан әкімінің орынбасары.
Үкаша ата кесенесінің жалпы аумағы — 90 гектар жерді қамтиды. Дәл осы аумаққа бүгін 400-ге жуық жеміс ағаштары мен қарағаштар отырғызылды. Экоакцияға 100-ге тарта ерікті жастар мен ауылдық округ тұрғындары қатысты.
742 қаралым