Жарияланды: 19.06.2024

Олимпиада резервін даярлау орталығында нашақорлыққа қарсы шара өтті

фото ШПД

​«Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының Олимпиада резервін даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Нашақорлық пен есірткіге қарсы күрес және олардың алдын алу шаралары» тақырыбында орталықтың әкімшілік құрамы, жаттықтырушылар мен спортшылар арасында «құқықтық сағат» ұйымдастырылды.

 
​Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылымысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков қатысып, зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болуға шақырды.
757 қаралым