Жарияланды: 24.06.2024

КЕЛЕСТЕ НҰРЖАН СМАНОВТЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТІП ЖАТЫР

фото КАӘБҚ

Келес ауданында бокс спортынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, танымал боксшы Нұржан Смановтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында XXI — халықаралық турнирі басталды. 1997 жылдан бері жалғасып келе жатқан бұл турнир көптеген жас спортшылардың мүмкіндігін саралауда.

 
Расында көптеген жас жеткіншектерге жол көрсетіп, белін буған Нұржан Смановты Келес жұрты қатты жақсы көреді. Бүгінгі спорттық сайыстың ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысты. Аудан басшысы көпшілікті спорт мерекесімен құттықтап, Нұржан Смановтың иығына шапан жапты.
 
Бүгінгі сайысқа қатысып жатқан жеткіншектеріміз де ертеңгі күні ел мерейін үстем етеріне сенемін. Осындай игі шарлар жалғасын тауып, шын мықтылар жеңіске жетуіне тілектеспін, – деді Жәнібек Есенұлы.
Айта кетейік халықаралық турнирге еліміздің бірнеше облысынан, Түркістан облысының аудандары мен Өзбекстан елдерінен келген жасөспірім спортшылар қатысуда. Спорттық сайыс Абай ауылында орналасқан Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде 21-24 маусым аралығында жалғасын табатын болады.
2 571 қаралым