Жарияланды: 03.07.2024

АПТА САЙЫН АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, КҮНДЕЛІКТІ ТҰТЫНАТЫН ТАУАРЛАР НАРЫҒЫНАН 10-15% ТӨМЕН БАҒАДА САТЫЛУДА

фото ШӘБҚ

Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, апта сайын қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда.
Жәрмеңкеге жауапты мемлекеттік мекемелер бекітілген.
Атап айтқанда, Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы (Жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп, кезекшілік жұмыстарын ұйымдастыру), Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (Санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, кезекшілік жұмыстарын ұйымдастыру), Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, Шымкент қаласының Абай, Қаратау, Тұран ауданы әкімі аппараттары (Жәрмеңкені электр қуатымен, қоқыс контейнерлерімен жабдықтап, тазалық жұмыстарын ұйымдастыру).
Жәрмеңкеге 250-ге жуық тауар өндірушілер, шаруа қожалықтар және көтерме сауда қызметімен айналысатын дистрибьюторлар қатысып, аптасына жалпы 170 – 180 тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар және күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары нарықтан 10-15 пайызға төмен бағада сатылуда.
6 202 қаралым