Жарияланды: 15.07.2024

Түркістан облысына келетін туристер саны артқан

фото Елтұмар.кз

 

Түркістан облысында бүгінде ішкі туризмді дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Өңірде киелі орындар да, тарихи нысандар да көп. Жыл сайын өңірімізге ағылып келіп жатқан туристер саны артып келеді. Осы орайда, Түркістан облыстық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асанхан Дархан Убайдуллаұлымен сұхбаттасқан едік.

 

  • Түркістан облыстық туризм басқармасының жыл басынан бері атқарған жұмыстары туралы айтып өтсеңіз…
  • Басқарма жергілікті жерде туристік қызмет саласын дамыту бағытында жұмыстар атқарады. Сонымен қатар, туризм саласындағы жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады. Жыл басынан басқарма тарапынан өңірдің туристік әлеуетін арттыру және ілгерілету бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуеметтік желілерде тұрақты жұмыстар жүргізілуде.

Instagram, Facebook, TikTok және Telegram-да түрлі сапалы роликтер, креативті қысқа reels видеолар  салынды. Жыл басынан бері жасалған талдауға сәйкес видеолардың жалпы қаралымы 10 млн-ға жуықтады.

Күнделікті қызықты ақпараттар, хабарландырулар мен туристік маршруттар жөнінде посттар жариялануда. Олар пабликтер мен оқырмандардың парақшаларына таралуда.

Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 200-ден астам материалдар жарық көрді.

Түркістан қаласы аумағындағы сыртқы жарнама құралдарына қаланың туристік әлеуеті туралы баннерлер ілінді.

«Wizz Air» авиакомпаниясының ресми сайтында жарнамалар орнатылды. Аталған жарнамаларды орнату жыл аяғына дейін жалғасады.

Облысқа келуші туристер ағынын арттыру мақсатында Венгрияның «Wizz Air» авиакомпаниясымен «Түркістан – Әбу-Даби (БАӘ)» әуе бағыты бойынша рейстерді іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілді. Рейстер аптасына 3 реттік жиілікпен А-321 заманауи ұшақтарымен орындалуда. Алғашқы рейс 2024 жылдың 16 қаңтарында жүзеге асырылуда.

Бұдан бөлек, туристер ағынын арттыру мақсатында іс-шаралар, халықаралық көрмелерге қатысу, роуд-шоулар ұйымдастырылуда.

5-7 наурыз күндері Германия Федеративтік Республикасы  Берлин қаласындағы халықаралық көрмеде Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылды.

18 наурызда «Түркістан — Түркі әлемінің туристік астанасы» туристік маусымының ашылу салтанаты өткізілді. Іс-шара аясында қала тұрғындары мен қонақтарына қол күресі, гір тасын көтеру, кеуде тартылысы сынды ұлттық спорттық ойындар мен қызықты байқаулар ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 22-24 наурыз аралығында Орталық Азия елдері арасындағы туризм ынтымақтастығын жандандыру мақсатында Самарқанд қаласында  роуд-шоу ұйымдастырылып, Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылды. 

Түркістан облысының делегациясы «2024 жыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» аясында ағымдағы жылдың 28-29 наурыз аралығында Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстанның туризмі жылының ресми ашылуы іс-шарасына қатысып, өңірімізге туристерді тарту бойынша екі елдің туристік операторлары байланыс орнатты.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 30 наурыз күні «Наурыз fest» мерекелік концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып, өңіріміздің тарихын, мәдениетін және туристік әлеуетін кеңінен таныстырылды және қатысушыларға облыстың туризм бағытын қамтыған жарнамалық-үлестірме құралдары, брендтік өнімдері ұсынылды.

2024 жылдың 24-26 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында өткен «KITF — 2024» Қазақстандық халықаралық туристік көрмесінде Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылды.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Ұлыбритания елінен келген 9 жетекші туристік операторларға Түркістан облысының туристік нысандары бойынша ақпарат тур ұйымдастырылып өткізілді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 15-16 мамыр күндері Италия елінің БАҚ өкілдері және туристік операторларына облыстың туристік нысандары бойынша ақпарат тур ұйымдастырылып өткізілді. Неке тур, Экомаусымның ашылуы, Инфотур (20 туроператор)

 

  • Ішкі туризмді дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?
  • Басқармамен атқаралып жатқан жұмыстар бірінші кезекте ішкі туризмді дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда, өңірге келуші туристердің басым бөлігін ішкі туристер яғни, Қазақстан азаматтары құрайды.

Осы бағытта 2023 жылы ішкі туризмді дамыту мақсатында еліміздің барлық өңірлеріне арнайы ақпараттық тур ұйымдастырылды. Алдымен, еліміздің 6 өңіріне (Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе облыстары) және Өзбекстан, Түркия елдеріне облыстың туристік әлеуетін презентациялау бойынша ақпараттық тур ұйымдастырып өткізілді.

Туристік қауымдастық өкілдеріне, туристік операторлар мен агенттіктерге, ірі мұнай компанияларының кәсіподақтары мен қызметкерлеріне Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылды. Іс-шара нәтижесінде жергілікті туристік ассоциациялар, кәсіпкерлер палатасы және туристік операторлармен  меморандумдар түзілді.

Осы бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылғада жоспарланған. Ақмола облысында 18-19 шілде күндері өтіп жатса, 1-2 тамыз Қостанай облысында, қыркүйек айында Астана қаласында өткізу жоспарлануда.

 

  • Шетелдік туристерді тарту мақсатында қандай жобалар қолға алынуда?
  • Шетелдік туристер санын арттыру мақсатында халықаралық туристік көрмелерге қатысу, шет елдерде роуд-шоулар және шет елдік туристік операторларға ақпараттық турлар ұйымдастырылуда.

Айтып өткендей, ағымдағы жылы басқармамен Берлин мен Алматы қалаларындағы көрмелерде облыстың туристік әлеуеті таныстырылды, Өзбекстан мен Қытай елдерінде роуд-шоулар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, шет елдердің туристік операторларына ақпараттық тур өткізілді.

Бұдан бөлек, көліктік қолжетімдікті арттыру туристер санының арттыруға тікелей әсер ететіндігін ескере отырып халықаралық әуерейстерін ашу жұмыстары жүргізілді. Венгрияның «Wizz Air» авиакомпаниясымен «Түркістан – Әбу-Даби (БАӘ)» әуе бағыты бойынша рейстерді іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

  • Жалпы жыл басынан бері облысымызға қанша турист келді? Шетелдіктердің үлесі қанша?
  • 2024 жылдың I тоқсанымен орналастыру орындарында демалғандар саны 60,4 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңінен 30,7%-ға өскен (2023 ж. I тоқсан – 46,2 мың адам).

          Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 1,4 млрд.тг-ні құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 40%-ға өскен (2023 ж. I тоқсан –
1 млрд.тг).

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 6 айында өңірдегі табиғи аумақтарға 47,3 мың адам, тарихи орындарға 481,7 мың адам саяхаттаған.

Бұдан бөлек, Түркістан облысы бойынша e-Qonaq желісінде тіркелген шет мемлекеттерден келген қонақтар саны 2024 жылдың 6 ай қорытындысымен 11,6 мың адамды құрады.

 

  • Шетелді және отандық туристердің облысымыздағы қандай тарихи орындарға қызығушылығы басым?
  • Алғашқы кезекте Түркістан облысы өзінің тарихи орындарымен белгілі. Облыс аумағында 1780 тарих және мәдениет ескерткіштері орналасқан. Айтып өткендей ағымдағы жылдың жартыжылдығымен тарихи орындарға 500 мыңға жуық адам келген.

          Сондай-ақ, облыстағы таулы аймақтар мен емдік-сауықтыру орындарына келушілерде саны басым. Жыл сайын әрбір бағыт бойынша
100 мыңнан астам демалушылар саяхаттап келеді.

 

  • Ішкі туризм бағыты бойынша қай облыстардан келушілер басым?
  • Түркістан қаласына келушілердің ішінде алғашқы орындарда републикамыздың мегаполистері Астана, Алматы, Шымкент қалалары.

Сонымен қатар, еліміздің батыс өңірлері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынанда келушілер көп.

 

  • Туристердің қызығушылығын арттыратын тарихи орындардың инфрақұрылым деңгейі қалай?
  • Облысымызда халық орналасқандықтан инфрақұрылым қанағаттанарлық деңгейде. Алайда, әрине кейбір тарихи орындарға баратын жолдардың деңгейі төмен. Сонымен қатар, қанағаттарлық жолдардың ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет екендігін басты назарда ұстаған жөн.

Өз кезегінде, 2023 жылы инфрақұрылымды жақсарту мақсатында туристік нысандарға барар жолдарды жөндеу бойынша жалпы соммасы
 10,6 млрд.тг-ні құрайтын 7 жоба іске асырылды.

Оның ішінде, Түркістан-Қарнақ бағытындағы және Самара-Шымкент жолдар жөндеуден өткен.

          Аталған бағытта биылғы жылы жалпы соммасы
17,6 млрд.тг-ні құрайтын 19 жоба жүзеге асыру көзделуде.

Оның ішінде, Түркістан-Арыстанбаб және Сауран қалашығына бұрылыс алаңын орнату секілді жобалар қамтылған. Жобалардың аяқталуы мерзімі 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Айта кету керек, 2023 жылы жеңіл инфрақұрылымды дамыту мақсатында өңіріміздің тарихи-танымдаық бағыттағы 20 туристік нысанына туристік төлқұжаттар мен жол сілтегіштер орнатылды.

Ал ағымдағы жылы туристік төлқұжаттар мен жол сілтегіштер тағы 20 туристік нысанына орнатуды жоспарлап отырмыз.

 

  • Рухани астанамыз Түркістанға келушілердің басым екені белгілі. Оның ішінде Қ.А. Ясауи кесенесіне, Арыстан бабқа зиярат етушілер көп. Бүгінде Ясауи кесенесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды ма? Жөндеу жұмыстарында күрделіліктер жоқ па?
  • Қазіргі таңда, Қ.А.Ясауи кесенесінде шетелдік мамандарды тарта отырып зерделеу-бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Өз кезегінде, зерделеу-бақылау жұмыстары кесененің құздану процестерінің себептерін анықтауға бағытталған. Зерделеу-бақылау жұмыстары кесененің қазандық бөлмесінде жүргізілуде.

Зерделеу-бақылау нәтижесімен құздану себептері анықталған кейін жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

 

  • Сұхбатыңызға рахмет!

 

Сұхбттасқан Әсел Мәдәліқызы

137 қаралым