Жарияланды: 23.07.2024

Мықтылар мойындалған кеш өтті

фото Сақ.кз

Түркістан облысының орталығы рухани астанамызда белгілі боксшы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бокстан ересектер арасында 30-шы халықаралық турнир аяқталды. Бұл турнир бокс әлеміндегі маңызды оқиғаға айналып, жергілікті және халықаралық спорт қауымдастықтарының назарын аударды.

 

Апта бойы турнирге қатысушылар жоғары деңгейде бақ сынап, шеберліктері мен ерліктерін көрсетті. Турнир түрлі елдерден келген спортшылардың басын қосып, тәжірибе алмасу және кәсіби деңгейін арттыру алаңына айналды. Көрермендер жекпе-жекті қызығушылықпен тамашалап, қатысушыларға қолдау көрсетіп, тартысты  тамашалады. Турнир соңында барынша күшті, техника мен төзімділік таныта білген жеңімпаздар анықталды. Рингте жұдырықтай жұмылған бұл жігіттер жоғары дайындықты көрсетіп, қарсыластарының да, қазылар алқасының да алғысына бөленді. Жеңімпаздар медальдар мен марапаттарға ие болып қана қоймай, әріптестері мен жанкүйерлерінің құрметіне бөленді.

 

Ұлы боксшы Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бұл турнир тек спорттық қана емес, мәдени шараға айналып, Қазақстан боксының дәстүрін сақтау мен жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай турнирлерді өткізу спорттың дамуына септігін тигізіп, жаңа буын спортшыларды жоғары нәтижелерге жетуге шабыттандырары сөзсіз. Тартысқа толы өткен бокс бәсекесіне барлық командалар жоғары дайындықпен келген. Сен тұр, мен атайын деген сайыпқырандар ринг көркін қыздырып, нағыз бокс бәсекесін көрсетті. Барлық командалар соңғы бокс бәсекесіне шиеленісті жағдайда және жоғары дайындықпен келді. Сайыскерлер осы үлкен оқиға алдында физикалық дайындықтың шыңына жету және өз шеберліктерін шыңдау үшін көп жұмыс жасады. Әрбір спортшы өзінің ең жақсы нәтижелерін көрсетіп, жаттықтырушылар мен жанкүйерлердің үмітін ақтауға тырысты.

 

Бұл турнирде жұдырығы мығым боксшылар ерекше көзге түсті. Олар рингте атмосфераны қыздырып қана қоймай, нағыз шеберлік пен табандылық танытты. Олардың қойылымдары динамикаға, жігер мен кәсібилікке толы болды, бұл көрермендердің қошеметіне бөлеп, құрмет көрсетті. Рингте өрбіген нағыз бокс бәсекесі жан тебірентерлік көрініс болды. Әрбір жекпе-жек тартысты және күтпеген жағдайларға толы болды, маңызды сәттері мен драмалық бұрылыстары да болмай қалған жоқ. Қатысушылар өздерінің ең жақсы қасиеттерін – төзімділікті, стратегиялық ойлауды және спорттық шеберлікті көрсете отырып, ақырына дейін күресті. Бұл жарыстар көптеген спортшылардың мансабындағы маңызды кезең болды және боксшыларымыздың халықаралық аренада үлкен жетістіктерге жетуге дайын екенін көрсетті. Дайындық пен рингтегі қызу тартыс бәсекелестік рухтың бірі екенін көрсетіп, боксшылардың жаңа ұрпағын биік мақсаттар мен жаңа жеңістерге ұмтылуға шабыттандырды.

Нәтижеге тоқталсақ Түркістан облысының 6 боксшысы ақтық сынға жолдама алып, 3 алтын медальді қанжығалады.  3 күміс және 2 қола жүлдесі тағы бар. Жүлде салған боксшыларды атап өтсек, 60 келіде Аділет Құрметов, 71 келіде Аман Қонысбеков, +92 келіде Даниял Сапарбайлар алтыннан алқа тағып, жерлестеріне зор қуаныш сыйлады. Ал 63,5 келіде қолғап түйістірген Бақтияр Анарбаев, 71 келіде Темірхан Тезек, +92 келіде Нұрлан Сапарбай сынды талантты боксшылар күміс жүлдеге қол созды. Сонымен қатар, 75 келіде Рамазан Дәуетай, +92 келіде Айбек Эрметовтер қолма медальді қанағат етті. Сонымен, бүгін, Әбдісалан Нұрмаханов турнирінің жеңімпаз және жүлдегерлерінің қатары тағы да толықты. 48 келі салмақ дәрежесінде

Нұрзат Оңғаров (Жамбыл облысы), Тілеуберді Сүлеймени (Шымкент), Жанкүйер Фермебек (Алматы облысы), Мухаммад Сатывалдиев (Өзбекстан).

51 келі салмақ бойынша Ернұр Қайрат (Алматы), Бегзат Ергашев (Қырғызстан),  Төлепберді Сүлеймени (Шымкент), Рысхан Таліп (Шымкент) ал, 54 келі бойынша Жандаулет Сарсенбаев Алматы, Ислам Машкентаев (Павлодар обл,  Бузург Иксанов (Тәжікстан), Мейрамбек Алпысбаев (Шымкент). 57 келі салмақ бойынша Асылжан Серікбай (ҚРҰҚК), Алтынбек Нұрсултан (ҚРҰҚК), Бағлан Кенжебеков (Жамбыл облысы), Жасурбек Анорбаев (Қарағанды облысы)

60 келі  Әділет Құрметов (Түркістан обл), Жанарыс Орынбай (Шымкент қ), Бахтияр Асадов (Өзбекстан), Әлімжан Бескемпір (Жамбыл обл).

63,5 келі Абдуллох Мадаминов (Өзбекстан), Бақтияр Анарбаев (ҚРҰҚК), Нұрлыбек Усманов (Шымкент қ), Жандос Қыдыралиев (ҚРҰҚК)

67 келі Асилбек Абдурахманов (Өзбекстан), Нұрбек Мурсал (ҚРҰҚК), Елнұр Сүюнбай (ҚРҰҚК), Адугафур Бахобов (Тәжікстан. 71 келіде Аман Қонысбеков (Түркістан обл),  Темірхан Тезек (Түркістан обл),  Ағажан Қадыр (Маңғыстау обл), Иктияр Нишанов (Қырғызстан. 75 келіде Ислам Советов (Қарағанды обл), Еркебұлан Шайкенов (Жетісу обл), Ерасыл Оразымбет (Жамбыл обл), Рамазан Дауетай (Түркістан обл). 80 келіАзамат Бектас (ҚРҰҚК),Тұрсынбай Құлахмет (ҚРҰҚК), Нурислам Исмаилов (Өзбекстан), Аятулла Такижанов (Павлодар обл)

86 келіде Данияр Рахымбердинов (Алматы қ), Бекзат Таңатар (ҚРҰҚК), Сұлтанбек Айбарұлы (Жамбыл обл), Телман Мамедов (Алматы обл)

92 келіде Нурмагамед Юсупов (Қарағанды обл), Бекнұр Батырбек (Алматы қ), Мадияр Айдосұлы (Қызылорда обл), Ровшан Салиев (Өзбекстан)

+92 келіде  Даниял Сапарбай (Түркістан обл), Нұрлан Сапарбай (Түркістан обл), Айбек Ерметов (Түркістан обл), Нұрасыл Асылхан (Шымкент қ). Жеңіске деген құштарлығы үшін номинациясында Бегзат Ергашев (Қырғызстан) және Айбек Ерметов (Түркістан обл) марапатталды. Жарыстың үздік боксшысы ретінде Әділет Құрметов (Түркістан обл) танылды.  Үздік төреші марапаты Халықаралық дәрежедегі үш жұлдызды төреші Нұрсұлтан Қонарбаевқа табысталды.

 

 

Аталмыш бокс бәсекесіне еліміздің 15 аймағынан және көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Камбоджа мемлекеттерінен іріктелген 145 былғары қолғап шебері 13 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтаған болатын. Шара өте тартысты өтті. Түркістан облысының жас қырандары керемет өнер көрсетті. Олар алтыннан алқа таққан ағаларының ізін жалғап келе жатқан мықты спортшы екендіктерін дәлелдеді.

 

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қалтаев, Әбдісалан Нұрмахановтың жұбайы Күлбаш Шаймерденова, Түркістан кәсіпқой бокс клубының директоры, бокстан Әлем чемпионы Қайрат Ералиев, Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Шынболат Райханов турнирдің үздіктерін құттықтап, арнайы тағайындалған медальдар, белбеулер және алғыс хаттармен марапаттады.

 

135 қаралым