Жарияланды: 24.07.2024

Өнер қайраткері туралы бейнефильм

фото Оңтүстікфильм

Түркістан облысы таланты да дарынды тұлғалардан кенде емес. Олардың ішінде мәдениет қайраткерлері де, әнші, сазгер, жазушылар көп. «Оңтүстікфильм» мекемесі Ұлы тұлғалар туралы деректі және бейнефильмдер түсіріп, жұртшылық назарына ұсынуда. Мұндай танымдық фильмдер алтын қорға қосылуда.

 

Түркістан өлкесі өзінің бай мәдени мұрасымен және мәдениет қайраткерлері, әншілер, күйшілер мен жазушылар бар көптеген дарынды тұлғаларымен танымал. Бұл біртуар тұлғалар өңірдегі өнер мен мәдениеттің дамуына зор үлес қосып келеді. «Оңтүстікфильм» мекемесі ұлы тұлғалар туралы деректі фильмдер мен бейнероликтер түсіру арқылы олардың жетістіктерін сақтау және насихаттауда маңызды рөл атқарады. «Оңтүстікфильм» жобасы кең аудиторияға Түркістан өлкесінен шыққан көрнекті тұлғалардың шығармашылығы мен өмірімен танысуға мүмкіндік беретін танымдық фильмдер жасауға бағытталған. Бұл фильмдер олардың жетістіктерін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар өңірдің мәдени мұрасын болашақ ұрпаққа сақтауға көмектеседі.

 

Өңірдің алтын қорын осындай жұмыстармен толықтырудың мәдени даму үшін маңызы зор. Бұл тарих пен дәстүрге деген терең құрметке тәрбиелеп, жаңа ұрпақты өнерді үйренуге және дамытуға шабыттандырады. «Түркістан тұлғалары» жобасының келесі саны «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі», әнші, музыкант, “Дос-Мұқасан” ансамблінің солисті Ақжол Мейірбеков жайлы болмақ. Қазақтың кең даласындай дауысы зор әнші көптің құрметіне бөленген.

 

Әнші 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданады да, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде ән салған. Әнші 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды. Өзінің өнегелі ғұмырын өнерге арнаған Ақжол ағамыз 73 жасында 2023 жылы 25 қарашада дүниеден өтті. Фильмде әншінің өмірлік және шығармашылық жолы толыққанды қамтылатын болады. Фильм авторларының үздік жұмысы болады деген сенім мол.

 

151 қаралым