Жарияланды: 28.07.2024

Тарихи мұра обьектілерін тіркеудің маңыздылығы айтылды

 

фото Алғабас

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібековтің Бәйдібек ауданының ардагерлерімен және зиялы қауымымен кездесу өткізді. Осы кездесуде ол заңнама саласындағы жұмысына кеңінен тоқталып, қабылданып жатқан заң жобаларының ел үшін маңыздылығын атап өтті.

 

Ұласбек Сәдібеков назар аударуды қажет ететін бірнеше негізгі мәселелерге тоқталды. Депутат Бәйдібек ауданын экологиялық аймақтар тізіміне енгізу туралы тиісті министрліктерге сауал жолдағанын айтты. Бұл қадам экологиялық жағдайды жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға қосымша ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Тарихи орындарды да назардан тыс қалдырмағанын айтты.  Қараусыз қалған тарихи мұра обьектілерін тіркеудің маңыздылығы айтылды. Мәдени мұраны сақтау – маңызды міндет, бұл бағыттағы жұмыстар өңірдің бірегей тарихи ескерткіштерін сақтауға көмектеседі. Тарихи жәдігерлерге бай обысымыз үшін бұл маңызды мәселе деді.  Ұласбек Сәдібеков облыстағы ауруханалар мен емханаларды жөндеу қажеттігін де көтерді. Медициналық инфрақұрылымды жақсарту Бәйдібек өңірінің тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттырады.

 

Аудан басшылығы депутаттың бастамаларын қолдап, тиісті комиссия құру қажеттігін айтты. Бұл комиссия құзырлы мекемелермен бірлесіп, аймақты экологиялық аймақ ретінде белгілеу, тарихи орындарды тіркеу сияқты ұсынылған іс-шараларды жүзеге асырады. Депутат Ұласбек Сәдібековпен кездесу биліктің Бәйдібек өңіріне қатысты өзекті мәселелерді шешуге белсене атсалысып, қызығушылық танытқанын көрсетті. Қабылданған шаралар мен бастамашылық заң жобалары экологиялық жағдайды жақсартуға, мәдени мұраны сақтауға және жалпы жергілікті тұрғындардың өміріне оң әсер ететін медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

 

Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков кездесу жиынынан кейін қоғамдық қабылдау өткізіп, Бәйдібек ауданы тұрғындарының өтініштерін тыңдады. Қабылдауға аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов, аудандық маслихаттың төрағасы Имангелді Түймебаев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ақбала Құлымбет және аудандық бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Қабылдау барысында Шыбыт елді мекенінен жаңа мектеп ғимаратын және медициналық тірек салу, I топ мүгедектерінің қараушыларына демалыс орындарына бірге баруға берілетін жолдамалар, әскерге жастардың баруы, әскери билеттің маңыздылығы, электр жарығының тариф құнын төмен түсіру және тағы басқа да мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды.

Депутат облыстық ономастикалық комиссиямен аудандық мәдениет үйі жанынан салынып жатқан «Жайлы мектеп» ғимаратына атау беру мәселесін талқылау қажеттігін айтты. Аудан басшылығы депутаттың бастамаларын қолдап, тиісті комиссия құру қажеттігін айтты. Бұл комиссия құзырлы мекемелермен бірлесіп, аймақты экологиялық аймақ ретінде белгілеу, тарихи орындарды тіркеу сияқты ұсынылған іс-шараларды жүзеге асырады. Қабылданған шаралар мен бастамашылық заң жобалары экологиялық жағдайды жақсартуға, мәдени мұраны сақтауға және жалпы жергілікті тұрғындардың өміріне оң әсер ететін медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Қабылдау барысында түскен сауалдар Қазақстан Республикасы Парламенті депутаты мен Бәйдібек ауданы әкімдігінің тікелей бақылауында болады.

171 қаралым