Жарияланды: 21.08.2018

Өңірді дамытуға үлкен серпін береді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қазірдің өзінде жалпы құны 750 миллион теңгені құрайтын 2 инвестициялық жобаға 5 гектар жер беріліп отыр. Соның бірі «Бахтияров» жеке кәсіпкерлігінің жобасы бойынша жобалау сметалық құжаттары рәсімделіп, құрылыс жұмыстары басталған. Атап айтқанда, автопаркинг, электронды таразы, жүк сақтау қоймалары, тұрақжай, құжаттандыру орталығы, қонақ үй, асхана, сауда үйі, автожуу орны салынуда. Сондай-ақ, «МегаГорСтрой» ЖШС-нің автотұрақжай құрылысының бірінші кезеңі аяқталып, екінші кезеңі басталуда. Компания көкөніс қоймасын, қорапша шығаратын цех, қонақүй нысандарының құрылысын жүргізбекші. Жалпы ауданда 15 ірі өнеркәсіп орны қазіргі таңда жұмыс істеуде. Олар «Мырзакент мақта зауыты» ЖШС, «Оңтүстік Жарық Транзит (Мырзакент)» ЖШС, «ЕЛСУ» ЖШС, «Мақта келісім-шар корпорациясы» АҚ, «COTTON МАҚТА» ЖШС, «Прогресс-2009» ЖШС, «Береке ММА» ЖШС, «Soldatos» ЖШС, «Мегагорстрой» ЖШС, «Бахтияров» ЖК, «КазТрансГаз аймақ» АҚ, «Оңтүстік Жарық Транзит (Атакент)» ЖШС, «Мақтаарал» ӨККШ, «Мақтаарал и К» СПК, «Кудияров и К» ӨК-тері. Бұл ірі кәсіпорындардың барлығы да ауданымыздың бюджетіне салық түсіріп, өңірді дамытуға үлкен серпін береді. Жаңа Мақтааралдың экномикалық даму мүмкіндігі өте жоғары деп айтуға болады. Мырзашөлдің қара шаңырағы саналатын Мақтаарал ауданының жаңа әкімшілік орталығы Мырзакент кенті болып белгіленді. 80 970 гектарды құрайтын жаңа ауданда 131 мың 781 тұрғын өмір сүріп жатыр.

Э. Өсербекова, «Мақтаарал» газеті

 

986 қаралым