Жарияланды: 13.08.2024

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Шымкент қаласы аумағында бірқатар іс-шаралар өткізілді

фото Елтұмар.кз

Қазақстан Руспубликасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 05-09 тамыз күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Шымкент қаласы іс-сапар жасады.
Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.

Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті аға оқытушысы, теология ғ. PhD докторы, Берікбаев Елнар Ғалымжанұлы — Президент жанындағы жастар кеңесі мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, дінтанушы, PhD докторы, Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлы — Дінтанушы, гуманитарлық ғ.магистрі, Айтаев Икрам Сатыбалдыұлы – «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы, Беспаев Мәди Әбзелбекұлы – ОҚМПУ «Әлем тарихы және дінтану» кафедра аға оқытушысы секілді дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Түсіндіру тобының мүшелері аль-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары және базар, сауда орталығы, түзету мекемелерінде кездесу өткізді. Олар халық арасында «Шетелде діни білім алудың қауіпті тұстары», «Интернет кеңістігіндегі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу», «Зайырлы мемлекеттегі діни қатынастар» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында түзету мекемесінде жазасын өтеушілер, жаттықтырушылары мен спортшылары, қандастар, әскери қызметкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздар мен еңбек мигранттары және вахталық тәсілмен жұмыс жасайтын тұлғалар және т.б. топтар қамтылды.

 

Анықтама үшін: +7 775 477 76 16 Исмаил Нурислам

803 қаралым