Жарияланды: 22.08.2018

IKEA үшін төсек жаймаларын дайындайтын Қазақстандағы жалғыз компания

Бүгінде тек Түркістан облысында ғана емес, еліміздегі ірі кәсіпорындардың қатарынан саналатын компаниялардың қатары көбейіп келеді. Шымкенттен шығатын өнімдер тек елімізде ғана емес шетелдерге де танымал бола бастады. «АГФ групп» төсек жаймаларын шығаратын ірі өндіріс орнының бірі. Фабрика Шымкенттегі «Оңтүстік» еркін экономикалық аймақта орналасқан.
«АГФ Групп» компаниясы 2010 жылы құрылған. Компания алғашында мектеп формасынан бастап москитті торға дейін түрлі өнімдер шығаратын. 2015 жылы шведтік IKEA компаниясымен келісім шарт жасасты. Халықаралық нарыққа шығу үшін тауардың сапасы жоғары болуы, ал бағасы бәсекеге қабілетті болуы керек. Ол үшін компания өндірісті автоматтандырып, жапон және түрік жабдықтарын сатып алды.
Қазір кәсіпорынның әр ауысымда 10000 дайын өнім шығарады. Ал өндіріс қарқыны 2017 жылдан басталып, қазір 5 есеге артты. Бұған «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша жылына 6%-бен алынған несиенің арқасында қол жетті. 2018 жылы Kazakh Export серіктестігімен «Tengri Bank»-тен екінші несие алынды. Шикізаттың сапасына баса назар аударылады.
Өндірісте Пәкістан, Үндістан, Туркия және Қытай секілді елдерден BCI халықаралық стандарты бойынша сертификатталған шикізат қана сатып алынады. Компанияның орналасқан өңірі, сонымен қатар «Оңтүстік» ЕЭА жеңілдіктері Пәкістан, Үндістан және Қытай елдерінен шикізат тасымалдау барысында және ЕО және Ресей елдеріне дайын тауар экспорттау барысында тасымал және кедендік шаралар барысында үнем жасауға көмектеседі. Өнім брендке сәйкес, тапсырыс берушінің дизайны бойынша дайындалады.
2015 жылы компания шведтік «IKEA» компаниясы үшін бар тауардың 90%-ын экспорттады. Ал 2018 жылдан бастап – «ТАС» түрік бренді үшін экспорт жасады. 2017 жылдан бастап компания ARUA және SUAVE деп тіркелген жеке меншік сауда белгісімен ішкі нарыққа үй текстилін шығара бастады. Барлық тауар экологиялық жағынан тазалығымен, еуропалық мөлшерімен және жоғары сапасымен ерекшеленеді. Компанияда 250 адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда «АКФ Групп» — әлемдік IKEA бренді үшін төсек жаймаларын дайындайтын Қазақстандағы тұңғыш және жалғыз компания.

922 қаралым