Жарияланды: 22.08.2018

Қазына қазанын қомақтыландыруда

Бүгінде экономиканың өрлеуін салық түсімдерінен де байқауға болады. Ал салықтың басым бөлігін ірі кәсіпорындардан бөлек жеке кәсіпкерлер де қомақтыландыруда. Кәсіпкерлердің дені сауда саттық пен қызмет көрсету саласы арқылы қазынаға қомақты қаражат құюда. 2018 жылғы қаңтар-шілде айларында Түркістан облысы бойынша бөлшек сауда көлемі 80119,2 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 107,6% құрады. Сауда кәсіпорындарымен тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 39462,8 млн. теңгені немесе  2017 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 99,1% құрады. Жеке кәсіпкерлердің, соның ішінде базарда сауда-саттықпен айналысатын тұлғалардың сауда көлемі 40656,4 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 117,5% құрады. Аудандар кесіндісінде облыстың бөлшек сауда көлемін жасақтауда Түркістан қ.ә. (24%), Сарыағаш (16,2%), Сайрам (15,6%), Мақтаарал (10,3%) және Төлеби (8%) аудандары елеулі үлеске ие болды. 2018 жылғы қаңтар-шілдеде облыстың көтерме саудасы 36562 млн. теңгені немесе 2018 жылғы қаңтар-шілдеге 95,5% құрады.2018 жылғы қаңтар-шілдеде Шымкент қаласы бойынша бөлшек сауда көлемі 2018 жылғы қаңтар-шілдеде 173595,7  млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 106,5% құрады.Сауда кәсіпорындарымен тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 122720,6  млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 114,5% құрады. Жеке кәсіпкерлердің, соның ішінде базарда сауда-саттықпен айналысатын тұлғалардың сауда көлемі 50875,1  млн. теңге немесе 2017 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 91,3% құрады. Аудандар кесіндісінде қаланың бөлшек сауда көлемін жасақтауда Әл-Фараби (жалпы көлемнің  39,5%) және Абай (31,5%) аудандары елеулі үлеске ие  болды. Қала бойынша 2018 жылғы қаңтар-шілдеде көтерме сауданың көлемі 352453  млн. теңгені немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 112,3% құрады.

1 032 қаралым