Жерінің асты да, үсті де тұнған байлыққа толы Түркістан облысында шикізат кені жетерлік. Істің көзін таба білетін іскерлер табиғат байлығын кәдеге жаратып та отыр. Түрлі кен орындарында өнім өндіру жыл сайын артып келеді. Биыл да өндіріс көлемі жыл сайынғы күткендегіден де мол өнім беріп отыр. Түркістан облысының өзге металл емес минералды өнімдерінің өндірісі
2018 жылғы қаңтар-шілдеде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 6499,7 миллион теңгенің өнімі өндірілді, аталған қызмет түрі кәсіпорындарының үлесі облыстық өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 2,6%, ал өңдеу өнеркәсібінің – 4,8 пайызын құрап отыр. Сонымен қатар нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне 107,3 пайыз болды. Құрылыс қажетіне арналған бетон заттардың өндіріс көлемі 2018 жылдың қаңтар-шілдеде 84,4 мың тоннаны құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 69,2 пайызға ұлғайған. Сонымен қатар әктің 16,6 пайызға (55,3 мың тонна), тауарлық бетонның — 33,3 пайызға (186,7 мың тонна) өндіріс көлемдері артты. Сондай-ақ, портландцементтің өндірген өндіріс і — 5,2 пайызға артып, 219,4 мың тоннаны, құрылыс кірпіштері — 26,8 пайызға артып, 59,2 мың текше метр құрады. Алдағы уақытта өнім өндіру көлемі бұдан да артары сөзсіз.