Түркістан облысындағы Төле би ауданы негізінен ауыл шаруашылығы мықты дамыған аудандардың бірі. Ауылдағы ағайын егін егіп, мал төлдетіп, бау жайқалтуда алдына жан салмайды. Статистикалық мәліметке сәйкес, ауданда 2018 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 13 млрд 570,4 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,5 пайызды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығы 12 млрд 125,7 млн теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайызға артып отыр. Егін шаруашылығы 1 млрд 442,3 млн теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101 пайызға орындалды. Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 476,5 млн. тг құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 246 пайызды құрады. Ауданда 2018 жылдың өніміне егілетін егіс көлемі 65100 га құрады. Әртараптандыру (диверсификациялау) құрылымы бойынша мал азықтық дақылдардың көлемін арттыруға басымдылық берілген болатын. Оның ішінде, биылғы жылдың өніміне күздік астық – 10 000 гектарға егілді. Көктемгі егістің көлемі де ауыз толтырып айтарлықтай болған. Астық -10300 гектар, бидай -4000 га, арпа 6300 гектарға себілді. Одан бөлек, ноқат -40 га болды. Егілген майлы дақылдар -11800 га. Егілген жаңа жоңышқа -4645 га, сүрлемдік жүгері -94 га. Егілген көкөніс -1200 га. Екінші нан саналатын картоп -900 гектарға, ескі жоңышқа 26121 гектарға егілген болатын. Алда жиын терім уақыты аяқталмақ. Биылғы түсім жақсы болады деген сенім басым.
Жарияланды: 23.08.2018