Жарияланды: 23.08.2018

Ауылшаруашылық кооперативтерін құру жоспары артығымен орындалды

Жер емген ағайын жер ананың жағдайын жасасаң молынан өнім беретінін баяғыда ақ бағамдаған. Сол үшін да жерді тыңайту, егістік көлемін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысындағы Төле би ауданында 2018 жылға агроқұрылымдардан аммиак селитрасын алуға 1985,26 тоннаға тапсырыс қабылданып, толығымен алынды. Үш жақты келісім шарттың орындалуы бойынша 2018 жылға ауылшаруашылық кооперативтерін құру  жоспары үш  жақты  келісім шарт  негізінде  4  бірлік болады деп жоспарланған болатын. Абыройға орай, орындалғаны 6 бірлік, яғни меже 150 пайызға орындалды.  Суармалы жердің көлемін ұлғайту межесі 300 гектар деп көзделсе, орындалғаны 358,1 га, яғни 119 пайызға орындалды.  Ауданда соңғы әлетте жылыжай шаруашылығына ден қойғандар қатары артып келеді. Жылыжай салу межесі 10 га, орындалғаны 7,51 га, яғни меже 75 пайызға орындалып отыр. Тамшылатып суғару меже 500 га, орындалғаны 328,5 га, яғни 66 пайызға орындалды. Үш жақты келісім шартқа сәйкес қарқынды жеміс-жидек егу межесі 110 га, орындалғаны 78 га, яғни 70,9 пайызға орындалды. Қарқынды жүзім егу межесі 10 га, орындалғаны 5,1 га, яғни меже 51 пайызға орындалды. Жаңғақ егу меже 200 га орындалғаны 46 га, яғни меже 23 пайызға орындалған. Таңқурай егу меже 75 га, орындалғаны 36,5 га, яғни меже 49 пайызға орындалған. Терең қопсыту меже 6700 га, орындалғаны 6730 га, яғни 100 пайызға орындалды. Ауылшаруашылық техникаларын жаңалау меже 47 бірлік, орындалғаны       39 бірлік, яғни 83 пайызға орындалды. Осылайша ауыл шаруашылығын дамыту жолында тындырымды тірліктер атқарылуда.

1 059 қаралым