Жарияланды: 23.09.2024

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Алматы қаласы аумағында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

фото «Жауһар» ҚҚ

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 16-20 қыркүйек күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады.
Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 1000 — нан астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Берікбаев Елнар Ғалымжанұлы – ҚР Президент жанындағы жастар кеңесі мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, дінтанушы, PhD докторы, Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлы – Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшесі, әлеуметтік ғылымдар магистрі, дінтанушы, Сарсембаев Руслан Меиржанович – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, дінтанушы, Мейманқожа Нұрмұхаммед Рысбайұлы – Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшесі, ҚР ҒЖБМ ҒҚ ФСДИ дінтану орталығының ғылыми қызметкері, Түсіпхан Имаммәди – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушы, PhD докторы, Шығарбай Алмасбек Дүйсенбекұлы – ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану орталығының директоры, PhD докторы, Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті аға оқытушысы, теология ғ. PhD, Абдрахманов Сұлтан Мұрзахметұлы – Дінтану ғылымдарының магистрі, қалалық АТТ мүшесі секілді дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Алматы қаласында болды. Олар халыққа «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында студенттерді, мектеп оқушыларды, мұғалімдерді және т.б. топтарды қамтыды. «Жаухар» қоғамдық қоры

373 қаралым