Түркістан облысындағы Төле би ауданында 2018 жылдың 7 айында 49 млрд 691,3 мың теңгені құрады. Жан басына шаққанда 427,3 мың теңге болып отыр. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 млрд 319 мың теңгеге немесе 14,5 пайызға артқан. Өнеркәсіп саласында 2018 жылдың 7 айында 18 млрд 390,2 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімінің нақты көлем индексі 106,0 пайызды құрады. (облыстық көрсеткіш 96,4 пайыз) Оның ішінде қайта өңдеу саласында 13 млрд 943,5 млн теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 106,6 пайызды құрады. Қайта өңдеу саласының өнеркәсіптегі үлесі 91,4 пайыз. Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2018 жылдың 7 айында бөлшек сауда тауар айналымы 6 414,5 млн теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,3 пайыз. Көтерме сауда 4 816,5 млн теңге немесе 100,6 пайызды құрады. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 2018 жылдың 7 айында 6 499,7 млн теңге инвестициялар тартылып былтырғы жылдың тиісті кезеңмен саластырғанда 92,2 пайызды құрады оның ішінде, кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен 2 775,1 млн теңге.