Жарияланды: 06.12.2024

Шектеулер — жетістікке жетуге кедергі емес!

 

Бүгінде Жәнібектің ісі өркендеп, өзін және ұжымын үздіксіз өсіп-өркендеуімен қуантады. Оның әңгімесі ерік-жігер мен табандылықтың кез келген қиындықты жеңіп, табысқа жетуінің үлгісі. Жәнібек ауыр сырқаттан кейін белсенді өмірге қайта оралып қана қоймай, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтамасыз етіп, жеке кәсібін ашты. Оның тарихы бізді еңбектенуге және мақсаттарымызға жетуге шабыттандырады.

Барлығы 2018 жылы Жәнібекке көңіл көншітетін диагноз қойылған кезде басталды. Содан үш жылға жуық уақыт бойы өз бетінше қозғала алмай, үнемі үйде болып, балдақпен жүрді. Ол уақытта аяқтары жүруден бас тартты. «Өмірі дәрі-дәрмектерді қабылдаудың тұрақты кестесінен және барлық емделу процедуралардан тұрды. Аурудың зардабынан қатты арықтап, салмағы небәрі 37 кг болды. Содан бірінші топтағы мүгедектік алып, ай сайынғы жәрдемақыны тағайындалды» —  дейді Жәнібек Искаков.

Жәнібек бірте-бірте дене жаттығуларын жасап, бұлшықет қызметін қалпына келтіре бастады. Ақырында, табандылық пен өздігінен қозғалуға деген ұмтылыстың арқасында ол қайтадан жүруді үйренді. Барлық жағдайды ескерген Жәнібек бұрынғыдай жұмыс істей алмайтынын түсініп, жеке кәсібін ашуға бел буады. Алғаш нарықты зерттеген ол 2021 жылы жанұяға арналған шағын қонақүй ашады. Стартап табыс әкеле бастайды.

Сонымен бірге ол құмсалғыштарды, өздігінен тегістелетін едендерді және шыны бұйымдарды сатуды бастады. Бұл кезде Жәнібектің қолында 7 адам жұмыс істеді – барлығы да мүгедек. Ендігі басты мақсат – өзі сияқты жандарға – мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс беру еді.

2023 жылы Жәнібектің достары қуырылған тұздалған тұқым, жержаңғақ және пісте өндіруге кеңес берді. Мұның барлығы қомақты соманы қажет етті. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы жөнінде естіп, ол «Банк ЦентрКредит» АҚ-на құрал-жабдық сатып алу үшін 21%-бен несие алуға жүгінеді, ал «Даму» Қоры өз кезегінде 14%-ды субсидиялайды және соның арқасында клиент тек 7%-ды ғана төлейді.

Бүгінде «ТЕМКА» сауда маркасымен қуырылған күбағыс пісте мен фисташка пісте өндіріледі. Осы жылы Жәнібек шикізатты, шығын материалдарын сатып алды, кейіннен ассортиментін ұлғайта отырып, сатуды басқару және маркетингпен айналысты.

Ақпарат: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ақпараты бойынша

 

210 қаралым