Жарияланды: 13.12.2024

Атыс қаруын қолданып бұзақылық жасаған күдікті 10 жыл бойы жасырынып жүрген

фото ТОПД

Полиция бұзақылық жасағаны үшін 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Түркістан облысы Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 2014 жылдан бері іздеуде жүрген Түлкібас ауданының тұрғынын ұстады.
 
Ер адам атыс қаруын қолданып бұзақылық жасады деген күдікпен іздестірілген. Яғни қылмыс орнынан қашып кеткендіктен, іздеу жарияланған.
 
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
352 қаралым