Жарияланды: 24.12.2024

Түркістандық дәрігер «Жақсы адам-2024» сыйлығының иегері атанды

фото ТОӨКҚ

Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Жақсы адам-2024» сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өткен болатын. Биыл арнайы сыйлықпен Созақ ауданының тұрғыны, саналы ғұмырын ауыл медицинасына арнаған абзал жан Бүркіт Арынбеков марапатталды.

Көптің ыстық ықыласына бөленген дәрігер Созақ ауданы, Құмкент ауылының тумасы. Ол ғұмырының 58 жылын медицинаға арнап келеді. Осы аралықта жалпы саны 10 мыңнан аса ота жасаған хирург. Бүркіт Арынбеков дәрігерлік жолында шалғай ауылдағы бөлімшелік ауруханада күрделі ота жасап, науқасты аман алып қалған.

Сондай-ақ, босану кезінде ана мен бала өміріне қауіп төніп, екеуінің де жанын ажалдан арашалаған. Бүгінде ол білгенін Созақ аудандық орталық ауруханасында жас мамандарға үйретіп, оталарға бірге кіріп, тәжірибесімен бөлісіп жүр.

Айта кетейік, ҚР Президентінің Телерадиокешені, «Jibek joly» телеарнасының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі шара биыл үшінші мәрте өткізіліп отыр.

145 қаралым