«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Кез – келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады» деп атап өткендей, мемлекетіміз бала тәрбиесі мен оның білім алуына үлкен мән беріп, жан-жақты жағдай жасауда. Мәселен, биыл облыс бойынша республикалық және облыстық бюджет есебінен 18,4 млрд. теңгеге 90 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде Сарыағаш ауданында 19 мектептің құрылысы басталды. Жыл қорытындысымен облыс бойынша 45 білім ордасы пайдалануға берілетін болады. Оның ішінде 15 мектеп «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынуда. Оның 5-і Келес ауданының үлесінде. Жаңа оқу жылының қарсаңында 600 орындық мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілгелі отыр. Осы білім ұясынан елге қызмет етер азаматтар тәрбиеленіп шыға берсін», — деді Жансейіт Қансейітұлы.
Келес ауданына сапары соңында облыс әкімі Қошқарата ауылдық округіндегі «Қайнар» ЖШС-нің тың жобасымен танысты, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Жобаның негізгі бағыты — қымыз өндіру және ат спортын дамыту. Серіктестік бүгінде шаруасын дөңгелетіп, табысын еселеп келеді. Дәмі бал татитын қымызына деген сұраныс тіптен көп. Арнайы тапсырыспен алдыратындар да жетерлік. Бүгінде серіктестік жалпы саны 50 сауынды биеден күніне 150-200 литр қымыз өндіріп отыр. Алдағы уақытта бие басын көбейтіп, қымыз өндіруді өкірту жоспарларында бар.
Жарияланды: 24.08.2018