Жарияланды: 16.01.2025

Көлігінің нөмірін жауып қойған 40-қа жуық жүргізуші ұсталды

фото ТОПД

 
Патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық жұмыс барысында көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін қасақана жауып алған жүргізушіні байқады. Тәртіп сақшылары күмәнді көлікті бірден тоқтатты. Аталған оқиға республикалық маңызы бар Шымкент – Самара тасжолында болды.
 
Белгілі болғандай, 30 жастағы Арыс ауданының тұрғыны көлігінің нөмірін дымқыл майлықпен жауып, өрескел құқық бұзушылық жасаған. Сот қаулысымен ол 1 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.
 
Түркістан облысы полиция департаментінің патрульдік полицейлері жыл басынан бері автокөліктерінің тіркеу белгілерін шешіп тастаған 40-қа жуық көлік жүргізушісін жауапқа тартқан.
463 қаралым