Бүгін, 24- тамыз күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Серікұлы Оспанов іс-сапармен Түркістан облысындағы Келес ауданына келді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.Сапар барысында Біртілек ауылдық округі, Еңбекші елді мекенінде орналасқан «КелесПласт» ЖШС ұжымымен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. «КелесПласт» ЖШС директоры Н.Омаров өндіріс процесімен таныстырып, өнімдер сұрыпталымын соңғы шыққан өңдеу технологияларының көмегімен пайдаланылған материалдардан жасалған жіптермен полиэтиленді жабындарды көрсетті. Оның айтуынша, шикізат шаруашылық субъектілерінен сатып алынады, ал дайын өнімдер ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларында қолданылады және ішкі нарық қажеттіліктерінің 100% қамтиды. Бұдан өзге, қалдықтар мен полиэтиленді қайта өңдеу ауданның экологиясына оң әсер етеді.
«КелесПласт» ЖШС цехы 2018 жылдың ақпан айында іске қосылды. Жобаның жалпы құны 150 млн теңгені құрайды. Кәсіпорын 10 адамды жұмыспен қамтыған. Негізгі қызмет түрлері жылыжай шаруашылықтары үшін полиэтиленді жабындарды өңдеу мен өндіріу, жылыжайларға арналған металл қысқыштар мен көшет материалына арналған пластикалық стақан шығару, полиэтиленді тоқыма кендіржібін өндіру болып табылады.
Жарияланды: 25.08.2018