Жарияланды: 04.02.2025

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚУАТТЫЛЫҒЫ 100 МВТ-ТЫҚ КҮН ЭЛЕКТРСТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

фото КАӘБҚ

Түркістан облысының Келес ауданында жалпы құны 55 млн АҚШ долларын құрайтын күн электрстанциясы салынады. Жобаның қуаттылығы сағатына 100 МВт. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев жобаны жүзеге асыратын «Солнечная Система» ЖШС директоры Нұрбек Абдешевпен кездесіп, қос тарап алдағы жоспарды талқылады.
Нысанның құрылысы 2025 жылы басталып, 2027 жылы іске қосылуы жоспарланған. Құрылыс кезінде 100-ге жуық жұмыс орны құрылса, нысанды пайдалану кезеңінде 8 жұмыс орнын ашу көзделген. Жоба аяқталған соң жалпы өңірлік өнім көлемі жылына шамамен 2,5 млрд теңгеге ұлғаюы күтілуде.
Аудан басшысы экономикалық, экологиялық жағынан да тиімді екенін атап өтті. Кездесу барысында жоба жүзеге асатын аумаққа қажетті инфрақұрылым жүйелерін тарту бағытындағы мәселелер талқыланды.
54 қаралым