Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданындағы Атакент кентіндегі Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бүгінде ауқымды жұмыстар атқарып отыр. Институт қабырғасындағы зертхана заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. Институт директоры Ибадулла Үмбетаевтың айтуынша, мұнда отандық мақтаның жаңа сорттарын шығару және мақта өндiрісіне инновациялық технологияларды енгізу бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Мақтаның жаңа сорттарын өндіріп, өндіріске ендіруде көш басында. 90 жылдық тарихы бар институттың ғалымдары осы уақытқа дейін мақтаның 12 сортын, қауынның 4 сортын ойлап тапқан. Бұдан бөлек институтта 30-дан астам инновациялық жоба әзірленіп, өндіріске енгізілді, — деді мекеме басшысы.Алдағы уақытта өнімдерді зиянкестерден қорғау мақсатында химиялық препараттардан бас тартып, биологиялық жолмен өңдеу әдісін іске қосу жоспарланып отырған көрінеді. Ол үшін институт жанынан арнайы бөлім ашылмақ. Институттың ғылым мен өндірістегі бүгінгі жетістеріне оң бағаланып келеді. Жаңа сорттар шаруалардың қолайына жағып отыр. Аталмыш сорттардан мол өнім алып, бүгінде шаруасын шалқытып отырған шаруа қожалықтары көп.
Жарияланды: 27.08.2018