Түркістан облысына қарасты Төле би ауданы тұрғындарының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Мал басын көбейтіп, мал бордақылаумен нәпақа тауып отырғандардың қарасы қалың. Одан бөлек тау жағалай қоныстанған ауылдардың дені, сиыр сауып, май айырып, «Фуд мастерге» өткізеді. Одан бөлек бие сауып қымыз бизнесін дамытып отыр. Ауданда ет өндіру — 100,2% (8 274,3), сүт- 106,3% (38 954,6) тонна, жұмыртқа- 84,9% (11,3) миллион дананы құрады. Әсіресе ет өндіру артығымен орындалған. Жыл аяғына дейін бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізбек. Қайта өңдеу бағыты бойынша Аққұм ауылдық округінде «Тұмар» өндірістік кооперативі 120 миллион теңге инвестиция тартып, мал сою алаңшасының құрылысын аяқтап, ет өнімдерін өңдеу кәсіпорынының қондырғыларын орнатты. 2018 жылы жоба іске асқан жағдайда, күнделікті 30-50 бас ірі қара немесе жылқы малын сойып (ет өнімдерін полиэтиленді пакетке орап) қайта өңдеп,12 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлауда. Аталмыш кооператив «Оңтүстік АИО» ЖШС 42,0 млн. теңге несиеге құжат тапсырған, жақын күндері несиеге қол жеткізсе жұмысын бастайды. Одан бөлек, Бірінші Мамыр ауылдық окруігінде «Болашақ Нұры» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі сүт өңдеу кәсіпорнын ашу бағытында жұмыс жүргізуде.
Жарияланды: 30.08.2018