Түркістан облысына қарасты Төле би ауданында кәсіпкерлікке бет бұрғандардың қатары артып келеді. Бүгінде аудандағы экономикалық белсенді халық саны– 51322 адамды құрап отыр. Жоғарыда айтылған экономикалық белсенді халықтың ішінде: жұмыспен қамтылғаны – 48645 адам. Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде: жалдамалы қызметкерлері – 30389, өз бетінше жұмыспен қамтылғаны – 18256, оның ішінде формальді секторға өткені – 16210. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» жүзеге асырылуы жоғары деңгейде. Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіби оқытуларға барлығы 9 мамандықтар бойынша 95 азамат жолданды. Бағдарламаның екінші бағыты аясында 32 азамат жалпы соммасы 127,0млн. теңге шағын несие алды. Соның арқасында тасын өрге домалатып отырғандардың қарасы қалың. Әрі кәсіпкерлікке бет бұрғандары көбейіп келеді. Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде тұрақты жұмыспен қамту бойынша 1283 адам жолданып, оның ішінде бос жұмыс орындарына 1032 адам және жаңа жұмыс орындарына 251 адам орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу мақсатында 34,3 млн. теңге қаржы қаралып, ағымдағы жылға 130 жұмыссыздарды жолдау жоспарланды. Қазіргі таңға 169 азамат өтінім берген 18 жұмыс беруші кәсіпорындарға жолданды. Кәсіпкерлердің жұмыс орны ашуы жергілікті тұрғындарға көп көмегін тигізуде.