Жарияланды: 01.09.2018

Құрылыс индустриясы қайнап тұр

Тамыз айының басында Төле бау ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен «Леңгір қаласы аумағын аббаттандыру туралы» жиналыс өтіп, аудан әкімі қала әкіміне қаланың безендірілуін басты назарда ұстауды тапсырған болатын. Нәтижесінде араға екі апта салысымен аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, жұмыстар басталып та кетті. Аллея сағат стелласымен бірге «Ұлы Отау» тойханасына қарсы бетте Қапал батыр көшесінде орналасатын болады. Қазіргі таңда мұнда монтаждық жұмыстар, алаңдардың жоспары жүргізілуде. «Аймақты абаттандыру және қалада тұрғындар үшін ыңғайлы орта қалыптастыру – Ленгер қаласы әкімдігінің ең басты міндеттерінің бірі болып табылады» — деп абаттандырудың маңызын түсіндіреді қала әкімі Болат Әділбеков. Б.Әділбековтің сөзінше Аллея құрылысы, қалаға кіреберіс арканы қайта құру қазанның алғашқы күндерінде ұйымдастырылатын қала күніне дейін аяқталады. Еске сала кетейік, 2018 жылы Леңгірде 17 қоғамдық орынды абаттандыру жүргізіледі, оның ішінде 13 балалар және 4 спорттық алаңшалар бар. Оның ішінде 5 балалар мен 1 спорттық алаңша пайдалануға беріліп қойылған. 2018 жылы аймақты абаттандыруға қала бюджетінен қаражат қарастырылған. Оның ішінде Қапал батыр көшесіндегі қалаға кіреберіс арка, лэд-экран және сквер, Төлеби көшесіндегі «Мемлекеттік рәміздер» алаңшасы бар. Сондай-ақ, қалалық аурухана алдынан «Шаңырақ» скверін салу жоспарлануда.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1 167 қаралым