Түркістан облысында шығарылатын шифер. Отандық өнім. Сапалы. Бағасы да қымбат емес… «Tectum Engineering» ЖШС-нің өнімдері бүгінде аса сұранысқа ие. Елімізде баламасы жоқ өндіріс орны деуге болады. Ресейлік өніммен бәсекелестікте. Шетелдік өнімді нарықтан ығыстырып шығаруды көздеп отыр. Әрине сапасының жоғарылығы мен бағасының арзандығы өтімділігін өкіртетіні анық. Бүгінде зауыт өнімін Тәжікстанға экспорттауда. Айына 2-3 вагон жөнелтіледі. Ал негізінде ішкі нарықта сатылымы жоғары. Астана, Қарағанды, Тараз, Талдықорған қалаларында дилерлер бар. Көбіне күнгейліктер сауданың көрігін қыздырады. Бүгінде өндіріс орнында 100-ден астам адам жұмыс істейді. Жоғары технологияларды қолдану арқасында өнім сапалы, берік. Шикізат та өзіміздікі. Асбестті Қостанайдан, цементті Шымкенттен алады. Бір ғана өнім өндірумен шектеліп қалмай жаңа өнім түрлерін де шығаруды қолға алып отыр. «Tectum Engineering» ЖШС-і табиғи минералды шатыр, түрлі түсті шифер, алдыңғы қасбет, сайдинг, жалпақ қаңылтыр да шығарады. Одан бөлек бүгінде үй ауласын әсемдеуге арналған түрлі шарбақтар, гүл отырғызуға арналған арнайы жүйектер де жасап шығаруда. «Tectum Engineering» ЖШС-нің алға қойып отырған мақсаты нарықты қолжетімді, сапалы өніммен қамтамасыз ету болып табылады. Ол мақсаттары орындалған да.
Жарияланды: 01.09.2018