Түркістан облысындағы индустриалды аймақта орналасқан «Tectum Engineering» ЖШС-і өндірістегі соңғы жаңалықтардың бірі боялған түрлі түсті шифер шығаруда. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының шарапатын көрген өндіріс орны боялған шиферге 10 жылға кепілдік беріледі. Өнімнің өзіне емес, бояуына. Яғни, 10 жылға дейін бояуы оңып кетпей, өңін сақтайды. Сұр түсті аса ұнатпайтындар түрлі-түстісін сатып алуына болады. Бұл кәдімгі қымбат бағалы жабынқыштан еш айырмашылығы жоқ. Оның үстіне шиферді үшке бөліп жабынқыш құсатып, қалап шатыр жапқанда әсем көрінеді расында. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын өндіретін компаниялар арасында әріптестік орнатылған. Шифер зауыты шығарған тегіс листтерден «Оңтүстікқұрылыссервис» дайын қабырға панелдерін жасап, құрылысқа пайдаланады. Бүгінде Нұрсәттегі тұрғын үйлерге қолданылуда. «Tectum Engineering» ЖШС 2014 жылы ашылған. Жалпы өндірістік қуаттылығы жылына 5 000 000 ш.м, 2 500 000 дана. Бүгінгі таңда құрылыс материалдарының ішінде шифер аса қажеттісі болып саналады. Шатыр жабуға арналған шиферді бұрын шетелдерден тасымалдап келсек, бүгінде отандық өнімдер алдыңғы лекке шыға бастады. Әрі импорт тауардан еш кемдігі жоқ. Артықтығы болмаса. Жабынқыштың бүгінде бағасы өте қымбаттап кетті. 40 пайызға. Күнгейдің аптап ыстығын есепке алсақ аталған құрылыс материалы өте тиімсіз. Ыстық тартады, үйдің тым ысып кетуіне әкеп соғады. Ал шифер ыстықты өткізбейді. Әрі бағасы да арзан. Қыста жылу сақтайды. Соңғы уақытта жаңбыр жиі жауатынын ескерсек темір жабынқышпен (черепица) жабылған үйлерде ол сезіледі. Яғни, дымқыл иіс шығып тұрады. Ауыл шаруашылығы үшін де таптырмайтын құрылыс материалы. Мал қораның үстін темір жабынқышпен жапқан жағдайда төрт түлікке теріс әсерін тигізеді. Ыстық тартатындықтан жануарлар шыдамайды. Сондықтан да көбіне шиферді қолданады. Әрі арзан, әрі тиімді.
Жарияланды: 01.09.2018