Түркістан облысының орталығының ауысуы ең алдымен Кентау қаласына тиімді болмақ деп санайды мамандар. Қалаға компанияларды тарту үшін бүгінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыс орталығының жақын болуы ең алдымен индустриялық аймаққа компаниялар қызығушылық танытары сөзсіз. Сырттан инвестиция тартылып жатыр. Кентауда негізінен тау-кен өндіру саласы басымдыққа ие екендігі белгілі. Сондықтан да сыртқы инвестиция осы салаға бағытталуда. Кен орындарының көп болуы инвесторлардың қызығушылығын тудыратыны анық. Бүгінгі таңда Кентау қаласының маңында 8 жерде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Ол аумақтарда ғалымдар келешегі мол жобалар болатынына сенімді. Қазіргі таңда қытайлық 2 компания өндірістік қалдықтарды екінші рет өңдеу жобасын жандандыру үстінде. Қытайлық компаниямен бірлескен «Кентау полиметалл» кәсіпорын құрылған. Алдағы уақытта толық іске қосылатын болады. Кәсіпорын атқарып отырған жұмыстың келешегі жарқын болмақ. Кәсіпорын қайта өңдеуді жүзеге асыру барысында сирек кездесетін металдарды өңдейді. Ақтөбе, Созақтағы қалдық рудаларды әкеліп, осында өңдеуден өткізеді. Өткен жылы 250 миллион теңге инвестиция тартқан болатын.