Жарияланды: 05.09.2018

Жаңаауылдықтар мақта теріміне 100 пайыз дайын

Биыл Жетісай ауданы Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Ынтымақ, Жаңаауыл, Әбдіхалық елдімекендеріндегі 2, 8 шақырымдық көшесіне тас, Мырзашөл ауылындағы Жетібаев көшесінің 1,4 шақырымына асфальт төселетін болады. Сондай-ақ, 2019 жылы 4 көшесіне тас, 4 көшесін асфальттау жоспарланып отыр. Бұл туралы Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың Жаңаауыл ауыл округінің тұрғындарымен кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Жаңаауыл округі әкімінің міндетін атқарушы Қ. Жұмашев мақта терім науқанына дайындық пен мақта дақылынан алынатын болжамдық өнім көлемін және ауыл шаруашылығы алқаптарын цифрландыру бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, бүгінде округте 4970 гектар жерге мақта дәні себілген. Мақта терім жұмыстары 10-15 қыркүйек күндері басталады деп болжануда. Күзгі науқанға 24 комбайн мен 33 тасмалдаушы доңғалақты трактор мен 67 тіркеме әзірленіп қойған. Орташа түсім 18,94 центнердің төңірегінде болмақ. Аудан әкімінің тапсырмаларының бірі – ауыл шаруашылығы алқаптарын цифрландыру жұмыстарын тездетіп аяқтау болатын. Бұл ретте округте 427 мемлекеттік акт электронды картаға енгізілген. Аудан әкімі округ басшылығына жұмысты жүйелі әрі жылдам аяқтауды жүктеді. Сондай-ақ, округте алдағы жылы іске асатын жобаларды нақтылауды тапсырды. Кездесу барысында ауыл тұрғындары ауыз су, жол секілді инфрақұрылымдық қажеттіліктер туралы өз ұсыныстарын жеткізді

1 061 қаралым