Түркістан облысындағы макарон өндірісінің мықтыларының бәрінен басып озған кәсіпорын 2010 жылы «Қазақстанның үздік өнімі» атанды. Кондитерлік өнімдерді шығаратын желінің қуаттылығы сағатына 700-1000 келі печенье, сонымен қатар «Таралли» және «Торчетти» өнімдері шығарылады. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы «Барыс 2007» ЖШС-ға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеңілдікпен қаржы алуға көмек көрсеткен. Бұл мекемеге кондитерлік өнімдерді шығаратын жаңа желіні іске қосуға 532 млн. теңгені жылдық 7 пайызбен АТФ банкі арқылы қаржы алуға қолдау жасады. Сондай-ақ, СТ-1 сертификатын рәсімдеп берген. Аталған сертификат кәсіпкерлерге кедендік жеңілдіктерге ие болуға мүмкіндік береді. Толық инвестиция көлемі 27 млн. АҚШ долларын құрайды. «Барыс-2007» серіктестігі өнімдерінің бағалары шетелден келетін импорт тауардан 10-15 пайызға арзан. Әрі өтімділігі де жоғары. Бүгінде Түркістан облысындағы макарон өнімдері нарығындағы алдыңғы лекте. Тұрақты тұтынушылары басым. Сапалы әрі дәмді кеспесіне деген сұраныс ешуақытта төмендеген емес. Алдағы уақытта шетелдік экспортты арттыруды көздеп отыр. Мақсат орындалары айқын.
Жарияланды: 08.09.2018