Жарияланды: 08.09.2018

Импорт өнімдерден сапасы да, бағасы да артығырақ

«Grain house 555” ЖШС-і  ұн өнімдерін шығарады,  «555 ұны» брендімен танымал. Сату көлемі жылына  1 млн. — 5 млн. АҚШ долларын құрайды. Солтүстік облыстардан тасымалданатын жұмсақ сортты астықтан жасалады. Жоғары технологиялы түрік құрал жабдықтары сапалы өнім өндіруде көп көмегін тигізуде. Тәулігіне 200 тоннаға дейін өнім өңдейді. Ал «BokXaус» ЖШС-і жоғары сапалы полимер өнімдерін шығарады. Өндіруші салалардың сұранысын толықтай қанағаттандырып келеді. Бүгінгі күні өнімнің 50-ден астам түрін шығарады. Заманауи талаптарға сай өнім түрлерін жаңартып отырады. Пластмассадан жасалатын тұрмысқа қажетті түрлі қақпақтар, ыдыстар шығарады. Бүгінгі күні түрлі сусындарға ыдыстар өндіруде. Тапсырыс берушінің талабына сай етіп шығаруға да мүмкіндігі бар. Түлкібас ауданынан келген нан өнімдерін шығаратын, Сайрам ауданынан келген сүт өнімдерін өңдейтін, Төлеби ауданынан келген шұжық өнімдерін шығаратын компаниялар көп. Барлығы да табиғи, экологиялық жағынан таза, қоспасыз. Дәмі тіл үйіреді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектің арқасында алдағы уақытта өнім өндіру саласында кәсіпкерлер көбейеді деген сенім басым.

986 қаралым