Жарияланды: 09.09.2018

Инвестжобалардан күтер үміт мол

2018 жылдың  соңына дейін Түркістан облысындағы Төле би аудананда іске асырылатын инвестициялық жобалар бойынша келесі нәтижелер күтілуде. Нәтижесі қомақты болады деген үміт мол. Леңгір қаласынан «Сагун» ЖШС жеміс-жидекпен көкөністен ұнтақ өндіру цехы жүзеге асырылмақ. Құны 300,0 млн теңге. Тәуілігіне 18  тонна өнім  өндірмек. Инвестициялық жобалар толық қуатында жұмыс істесе жергілікті тұрғындар алдымен қуанады. Өйткені ол тұрақты жұмыспен қамтылу деген сөз. Бұдан өзге, «Балмұздақ» ЖШС-і шоколадты глазурь және шоколад өңдейтін цехты іске қосуды жоспарлап отыр. Жылына 1100 тонна  өнім өндірмек. Жоба  құны 800,0 млн теңгені құрайды. Біркөлік  елді мекеніндегі  Демалыс аймақтары-«AiSA» демалыс аймағы жоба құны 97,0  млн теңге, «Асем Тау» демалыс аймағының құрылысы. Жоба құны 100,0  млн теңге. Кемеқалған ауылдық округіндегі «Қазығұрт бақтары» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 247 млн теңгеге қарқынды бау егу бойынша ағымдағы жылы 60 гектарға инвестиция тартуда. Сондай-ақ  2019 жылы қосымша 134 гектарға қарқынды алма бау егу жоспарлануда. Қаратөбе ауыл округінде пилоттық жоба 20 бірлік 1000 бастық мал бордақылау алаңшалары құрылысын жүргізу бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.

1 151 қаралым