Жарияланды: 10.09.2018

Түсім жоғары

Бүгін Сарығыш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиевтың төрағалығымен аппараттық мәжілісі болып өтті. Аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, Сарыағаш ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы қатысқан жиында негізгі үш мәселе қаралды.  Жиында сөз алған аудан бойынша кірістер басқармасының бөлім басшысы Ғ.Жұмашбеков ауданда салық базаларын нығайту және 2018 жылдың 8 айында қала, кент, ауылдық округтерінде төртінші деңгейлі бюджеттің салық түсімдерінің орындалуы туралы есеп берді. Биыл сарыағаштықтардың қазына қоржынын қомақтыландыруға қосқан үлесі орасан. Түсім жоғары. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, яғни аудандық бюджеттің 2018 жылдың 9 айында игерілетін қаржының болжамы және индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы туралы ауданның экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.Ноғаев баяндама жасап өтті. Сонымен қатар, ауданда әлеуметтік нысандардың сәулет жоспарлау тапсырмаларының орындалу барысы туралы құрылыс бөлімінің бас маманы хабарлады. Жиын соңында аудан басшысы үш мәселеге тоқталып жауапты бөлімдерге тапсырма берді. 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

1 100 қаралым