Түркістан облысындағы жаңадан құрылған Келес ауданындағы Бірлік ауылдық округі аудандағы аумағы жағынан ең үлкен көлемді алып жатқан округтердің бірі. Орталығы Бірлік ауылы, аудан орталығынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдық округіне қарасты 7 елді мекен бар. Атап айтсақ Бірлік, Қосөткел, Жаңатіршілік, Құрөзек, Мәдениет, Үшағаш, Ащысай. Ауыл округінің шекаралары солтүстік жағынан Ошақты, Бозай ауылдық округтері, батыс жағынан Жамбыл ауылдық округі, Шардара аудандары, Оңтүстік жағынан Мақтарал ауданы, Шығыс жағынан Қошқарата, Жүзімдік,Бірлесу, Ақтөбе ауылдық округтерімен шектеседі. Жалпы халық саны- 5456 адамды құрайды.
Қазіргі таңда ауылдық округ аумағындағы елді мекендердің тұрғындарын ауыз су және табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, жобалық сметалық құжаттар «Қаз-Нұр проект» ЖШС тарапынан жұмыстар алып барылуда. Атап айтқанда ағымдағы жылдың соңына дейін Бірлік ауылдық округіне қарасты Бірлік, Жаңатіршілік және Үшағаш елді мекендерінің ішкі жүйелеріне газ құбыры және ауыз су жүйесі тартылып, 2019 жылдың алғашқы тоқсанында қолданысқа берілуі жоспарлануда.
Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі