Сарыағаш ауданы халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді оқуды аяқтаған азаматтар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жарменкеде осы кунге дейін екі қолға бір күрек таппай келген бағдарлама қатысушылары бүгінде бірі тігінші, енді бірі кондитер, электрик сияқты мамандық бойынша 914 азамат бiлiктi Маман иесі атанып куалiктерiн алды.
Аудан тургындары облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының «Әр ауылға өз шебері» жобасы аясында ауданға қажетті түрлі кәсіптерді меңгерді. Бірі аспаз, шаштараз, тігінші сияқты ауданға ауадай қажет мамандықтардың қыр-сырына үйренсе, енді бірі гүл, көкөніс өсірушісі, құрылыс шебері, сантехник сияқты кәсіптерді өзіне серік етті. Айта кететін жайт, 2017 жылы «Әр ауылға өз шебері» жобасы бойынша 1639 адам оқыды, оның 1035-і жұмыспен қамтылған. 27 мамандық бойынша шаштараз, аспазшы, кондитер, аспаз, электрик, гүл өсіруші, көкөніс өсіруші, жиһаз жинақтаушы, құрылысшы мамандықтарына 1080 адам үш ай мерзімге оқуға жолданды.
Биыл «Әр ауылға өз шебері» жобасы бойынша 770 азамат, басымдық берілген 6 саланың бағыты бойынша тағам өнеркәсібі, фермер, ауыл шаруашылығы, қолөнер шебері бойынша 315 азамат аудандағы түрлі оқу орындарына жолданды.
Жәрмеңкеде қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған азаматтарға 119 жұмыс берушi 404 бос жумыс орындарын ұсынды.
Бос жұмыс орындары ұсынылған жәрмеңкеде курс қатысушыларының қолынан шыққан түрлі қолөнер бұйымдары мен тәттілер қойылды. Айта кетейік, жалпы биыл бағдарлама аясында мыңға жуық азаматты жұмыспен қамту жоспарда тұр. Жыл басанынан бері 7 мыңнан аса азамат бағдарламаға қатысып, барлығы азаматтар мемлекеттiн әлеуметтiк шарапатын сезiнiп отыр.
Сарыағаш ауданы халықты жұмыспен қамту орталығы