Жарияланды: 11.09.2018

Терім науқанына дайындық пысықталды

Ала жаздай бел жазбай, ақ ұлпа өсіретін мақташы қауымның алдында — өнімді жинап алу міндеті тұр. Биылғы жылы мақтаның өнімділігі өткен жылға қарағанда, жоғары болады деп болжам бар. Сондықтан, шаруалар алқаптарға дефолиация жүргізуді тездетіп бастау қажет. Осыған орай Түркістан облысындағы Қазақ – мақта ғылыми зерттеу институтында семинар кеңес болып өтті, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Онда ерім науқанына дайындық барысы пысықталды. Семинар кеңес алдымен, мақта алқабында дефоляция операциясын жүргізу барысымен танысудан басталды. Бұл  — мақта өсіру кезінде жасалатын ең соңғы агротехникалық шара. Сондықтан оның сапалы әрі дер кезінде орындалуы мақта өнімділігін сақтап қалуда маңызы зор. Мамандар дефолияцияны қыркүйек айынының 10 –шы жұлдызынан бастап, 20 – на дейін аяқтауға  кеңес береді. Соның арқасында көсек тез ашылып, терім науқаны тым ұзаққа созылып кетпейді дейді. Ибадулла Үмбетаев; Қазақ – мақта ҒЗИ директоры, ғалым «Бұл деген сөз жылды біз 3-5 ц ала алмай қаламыз. Мақта ашылмай қалады. Болмасам ашылған мақта сапасы ойдағыдай болмай қалады. Сондықтан мына экспериментальдық алқапта түрлі перпараттар көрсетті. Оның ішінде АГРОН, КАТОН, одан кейін МАГНИЙ ХЛОРАТЫ осы сияқты  препараттарды көрсетті. Ал енді біздің Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ мамандары барлық уақытта егерде қайндай шаруа болса да телефонмен хабарласып егер де шақырса барып, оларға ғылыми кеңес беруге барлық уақытта дайынбыз».

Әсем ЖҰМАЛИЕВА       

1 039 қаралым