Түркістан облысында өткен семинар-кеңесте тұқым сапасы да назардан тыс қалмады, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Қазірден бастап келесі жылға сапалы тұқым дайындау мәселесін қолға алу керек. Шетелдік емес, өзімізде, осы институт қабырғасында шығарылған отандық сорттарға қолдау танытуымыз қажет. Айдархан Ұтанов — «Ақ Алтын» Акционерлік қоғамының төрағасы «Туркиядан біз шит әкелеміз, Қытайдан шит әкелеміз. Неге біз отандық шитімізді өзіміз бағаламаймыз. Айтыңдаршы кәне, Мына бізге Мақтаарал аудандағы ҒЗИ шығарып берді, осындағы ғалымдардың тірлігі зая кете ма, сонда не болады? Бұлардың шығарып жатқан шиттері шетелдік шиттерден кем болмайтын шығар, егер агротехниканы сақтайтын болса.Қазір шаруаның қандай шит егіп жатқанын ешкім білмейді ғой, базардан ап келеді, неге біз отандық шитті қолдамаймыз». Мақташылар басқосуында сондай ақ, қол терімді азайтып, машинаның үлесін 90 пайызға жеткізу мәселесі сөз болды. Өйткені, жылдан жылға қол терім сапасы төмендеп, бұдан зауыттар да дихандар көп шығынға барып отыр. Ал, Жиынды қортындылаған Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев терім науқанында әрбір шаруа мән беруге тиіс бірнеше мәселелерді атап өтті. Жамантай Бейсенбаев — Жетісай ауданының әкімі «Мақтаны суғарып жатқан азаматтар тоқтаңыздар, бітті судың уақытысы. Енді ол жерлер не кеппейді, не дефолиация жасалмайды, не теріп ала алмайсыз. Қазір прогнозға қарасаң, ауа – райы нағыз дефолиацияның уақытысы. Ертең күн суып кететін болса бұрынғы хлоратымыз жоқ біздің , сол үшін дефолиацияны тездетіп жасауымыз керек. Соңғы мәселе, жиын терім кезінде әртүрлі келеңсіз жағдайдар, келеңсіз оқиғалар. Тілсіз жаулар, өрт деген мәселе. Біз тракторларымыз искрагоситель қоймаймыз».
Әсем ЖҰМАЛИЕВА