Жарияланды: 29.09.2018

Сегіз айдағы серпінді істер

Бүгін Түркістан облысындағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті отызыншы сессиясы өтті. Кезекті сессияда халық қалаулыларының алдында сөз алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов ауданданның ағымдағы жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштері жөнінде баяндама жасады. 
Аталмыш мерзім аралығында жалпы ауданда өндірілген ішкі аймақтық өнім көлемі 32 млрд 574,2 млн теңгені құраған. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 109,7 пайызға  артық. Нақтырақ айтсақ, 8 айда ауданның  өнеркәсіп кәсіпорындарында өндірілген  өнімдердің нақты көлем индексі 104,7 пайызды құраса, сауда саласында 109,9, бюджеттің кіріс бөлігі де еселеніп 111,7 пайызға орындалған.  Құрылыс жұмыстарының да нақты көлем индексі өткен жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда 152,1 пайызға артығымен орындалып отыр. Осындай ілкімді істерді сөз еткен аудан басшысы ауыл шаруашылық саласын барлық салаларында жоспардың артығымен орындалып отырғандығын,  сондай-ақ, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі  де өткен жылмен салыстырғанда 103,3 пайызға артқандығын тілге тиек етті. 
Отырар ауданында ауыл шаруашылығы саласында оң серпін бар. Ағымдағы жылы 30 622 га жерге түрен салынып, түрлі дақылдар егілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2572 га артық.

Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

1 109 қаралым